Кем емес, көңілден шығарлық. * – Құдайға шүкір! Сауын мен аққа ешкімнен олқы емеспіз. Тіпті сол он бес күн ішінде қорыққа тығылған елу ауылдың бәрін байқадым… Өзді-өз ортасында анық күйлі дәл солар бопты! – деп, Дәркембай да шаттанып сөйледі. М.Әу. * Бекболат. Заманы солай болған соң, болғаны теріс те емес. Болмайтын да адам емес, сөйлесе сөз біледі, білімі де бар… (Ойланып.) Бұл келіннің аты-заты да олқы емес еді ғой, ә? Б.Майл. * Бассын! Шыңғыстың қай тұсына орнықтырсам да, ол үшеуінің сыбағасы олқы емес. Өкінбесін! Өкіндірмеймін! Осы сертіме сенсін! – деді. М.Әу. * Мол дүниемен, салтанат, нөкермен құда, күйеу боп келісті. Мұнда да қонақ асы, күтім, той-жиын, сән-салтанат олқы емес. Өңшең ынтымақ. Мол тілек, жағалай бата. М.Әу. * — Мен сұрасам сендерден емес, қолы ашық серіден сұрап отырмын,— деп Батыраш шулағандарға жақтырмай қарады — Және алмақтың да салмағы бар, Құлагердің қармыжысы да олқы емес. С.Жүн. * Үрімжі түрмесіндегі ауыр азаппен қойдай қырылып отырған 80 мың тұтқынның ішінде қазақ аймақтары: Алтай, Тарбағатай, Іледегі ұйғыр, қазақ, қырғыз, қалмақ маңғұлдардың да үлесі олқы емес-ті. Ж.Ахм.
