Оны айтпағанда, оны былай қойғанда. ~ Сыртынан жаназа оқып халқы кетті, Бұл өлім талай жанды еңіретті. Аямай ажал шіркін кімді алмайды, Ол түгіл пайғамбарға қаза жетті. Шәк. ~ Ол түгіл Оспанның өзі де соның көбіне түсіне бермейді. С.Ом. ~ Әрине, қыздың аты қыз, аты-жөні жоқ, ұнатқанын бірден қалай айтып салсын! Ол түгіл мен де ештеңе айта алмай, бүгежектеп қалдым ғой. Б.Ыбыр.
