Ибалы, нәзік, сүйкімді, қыршын жас. * Осынау он екіде бір гүлі ашылмаған періште жанға еркектің еркінен тыс ессіз үздіккен қарасын көрсетуден ұялды. Н.Дәу. * Марқұмның он екіде бір гүлі ашылмай, арман-жалыны ішінде кетті. О.Сәрс.
* Адам ұрпағын “тез солсын, он екі де бір гүлі ашылмай сынып, семіп түссін! ” деп аңсамайды. С.Смат. * – Кісі дегенің бұл дүниеден түбі бір аттанатын болған соң, он екі де бір гүлі ашылмаған таза қалпымен көз жұмғанға не жетсін. О.Бөк. ~ «Ау, шырағым – ау, қыз алмайсың ба? Он екіде бір гүлің ашылмаған қалпыңмен байдан шыққан әйелде нең бар»,— десе.—«Ғашықпын, оны алмасам, асылып өлем»,— деп арқанға жүгіретін құсайды. Н.Сер. ~ Мектепте оқып жүргеннен-ақ көзімнің құрты түскен. Менде де ұят жоқ, әукем салбырап, он екіде бір гүлі ашылмаған жап-жас қызға сөз салғаным бар. М.Қаб. ~ Он екіде бір гүлі ашылмай келген қыз, тұңғыш рет шын еміреніп жақсы көру дегеннің не екенін Ақаннан біліп еді. С.Жүн. ~ Міне, осы күні кертартпа ақсүйектің еркін кетірген Мамозы он екіде бір гүлі ашылмаған, арманды жасты осы үйдің еріксіз, үнсіз, ойда жоқ «қонағы» етіп қалдырып кетті… Ж.Ахм.
~ . Он екіде бір гүлі жаңа ашылған жас жігіт бұған, әрине, намыстанады. Б.Соқ.
