Көп рулы, қалың ел. ~ Ортекедей ойнақтап, Орғып, орғып өткен күн, Өр оғланның оғындай, Зырғып, зулап кеткен күн, Оғыз, қыпшақ ұрығы, Ордалы он сан жұрт болып, Тарам-тарам таралған, Бір тамырдан жаралған, Жарты әлемді жайлаған, Жанартаудай қайнаған, Қаһарына мінгенде, Қара тасты шайнаған, Бірі кеткен Ұрымға, Бірі кеткен Қырымға, Бірі кеткен тау жайлап, Бірі кеткен су бойлап, Бірі кеткен ну бойлап, Түбі бірге түріктің, Текті ұлдары таңырқап, Байырғының жырына, Байқап құлақ салсын де, Байыбына барсын де! “Манас”.
