Posted in

ОПАСЫЗ ДҮНИЕ (ЖАЛҒАН)

Тұрлауы жоқ, баянсыз, аумалы-төкпелі, мағына-мәнсіз ғұмыр. ~ – Әттең, көмексіз, туысқансыз жалғыздық- ай! Шіркін опасыз дүние- ай! Көрсетпегің осы екен ғой! — деп көзінің жасы сорғалап, амалсыз кетіп барады… Шәк. ~ * Соны тек қана түнгі ұйқысыз күрсінген қамырық арасында жан сырласы Мәкенге ғана айтады. – Дүние не боп кетті!.. Опасыз дүние!.. Қандай қазаға ұшыраттың бізді?.. Осылай таусылып біткеніміз бе?! Кешегі көркем өмір, кең дүние, солғаның ба, кеткенің бе бұл-бұл ұшып, жасқа толы біздің көздер алдынан!.. – деп, сонша ширығып, шерленіп кетеді. М.Әу. ~ Бердібек қанішерден әзер құтылғандай, бір-біріне бастарын шұлғысып, «дұрыс» дейді. Опасыз дүние! Бердібекке қарсы әмірлер Келдібекті қолтықтап кеп Алтын Орда тағына отырғызды. І.Ес. ~ Темірдей саусақтар сыққан тамағынан ішін өртеген ащы өксік әрі де, бері де өте алмай алқымында тас түйін боп тұрып қалды. О, опасыз сұм жалған! Опасыз! Опасыз! Тәңірберген талықсып бара жатты. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *