Posted in

ОПА БЕРМЕДІ (БЕРМЕЙДІ)

Қайыры болмады; рахат көрсетпеді. * … кейбір кедейлер: «Бүлінген елден бүлдіргі алма деген, құдай өз талайымыздан жарылқасын; кісі малын ала алмаймыз, Дербісәліге опа бермеген мал бізге де опа бермес» деп тұрып алды. Т.Ахт. * — Сұрасам, осы Әлжанның қатыны Ақбаянда сенің не шаруаң бар? Жиырма жыл отасқан еріне опа бермегенде, саған опа береді деп жүрсің бе? І.Ес. * — Шырағым, бұл қарақалпаққа опа бермеген жер. Ата-бабан «бүлінген елден бүлдіргі алма»,-деп кетіп еді. Әр нәрсеге бір зауал. З.Шүк. * – Бұл – ұрлық-қарлықтан жиналған һарам алтын, ешкімге опа бермейді. Өстіп борық суға тастаса, сумен бірге тазарады. Т.Сәук. ~ Өз рухының үнін өз кеудесінде өшірген жан өзгеге опа бермейді. И.Сап. ~ Есімде, атам жарықтық ештеңемен айналыспай, бос сенделіп жүргенімізге ренжіді. «Құр қарап жүрген жанға опа бермейді. Бір пайдалы іспен айналыс. Ә.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *