Күнделікті тірлікке жететіндей ғана баршылық. ~ Ағайдың бет– аузы, аяғы үсіп келді. Әкей мен әжем соның аман қалғанына
шүкірлік қылды. Ораза ашардан айрылып, қас пен көздің арасында шоңқайдық та қалдық. Ж.Айм. ~ – Дәулеттің шарқы өздеріңізге мәлім… Әйтеуір мұндағы қатын-баланың ораза ашарына зиян салғызбайтын болсаңыздар… – дегенде пейілденіп отырған жұрт: – Мұның да дұрыс! – деп шу етті. Ж.Айм. ~ Қысқасы, ол тірі пендеге зәбірі жоқ, «құдай» деген қоңыр адам. Оның алданышы, азбыншы — ораза ашары; оның қуаты, қуанышы – үш-төрт қарғасы: үшеуі – еркек, бірі – әйел бала. Ж.Айм. ~Тал қармап, сөз сауады соқыр Қақбан Тәңірім әр несіптен оны қаққан. Үйінде ораза ашар әлі болса Тентіреп қақсар ма еді жақ жаппастан. Ғ.Мұст.
