“Оразды” – бақытты, құт-береке қонған адам, “Жиырлы” (дұрысы – Шиырлы болса керек: “Шиырлының баласы жиырмасында жас болады”) — қырсық шалған, жолы болмайтын, маңдайының соры бес елі д.м. ~ Жел, жел есер, жел есер, Жел астына қарасам, Қоға менен тал өсер. Ораздының ұлы өсер, Жиырлының қызы өсер, Кенелейін деген жігіттің, Жылқы ішінде екі арғымағы тең өсер! Шалкиіз ж. ~ Ақбытпаланып жұрттан әдейі асуға талпынған да жоқпын. Бірақ аянбадым. Қазір қидасын кәріжілікті екі түгей ат та бітті, ораздының ұлы, жиырлының қызы өсіп, ілгері ұмтылып жатқанда көптен бөлек жүрген көмусіз қалады дегенді ойлап, жұртпен қатты, қитықсыз араласып кеттім. Б.Қыд.
