Ретіне қарай, орайы келіп тұрғанда д.м. ~ Ойда орыс, қиянда қытаймен арақатынасты осылай ұтымды ұстап, еліне, жеріне
нұқсан келтірмес үшін оны орайына қарай өзгертіп отырған Абылайдың бір бүйірінен Орта Азия билеушілерінің алакөздігі де
шыққан жоқ. С.Ақт. ~ Айна-қатесіз. Тәңірімнің Нұры, Қаған-Атамның алқау батасы. Қиял жетпес ғаламат. Бұл арада
орайына қарай еске салдым, алдағы бір күндерде арнап жазармын. Осы және басқа да ғажайыптарды. М.Мағ. ~ Бұл тәсіл
көбінесе, омонимдік қатарларда жұмсалатын сөздердің жасалуында қолданылады. Бұл ретте дыбысталуы бірдей сөздер
сөйлемде қолданылу орайына қарай әр түрлі сөз табын құрайтын болады. А.Аман. ~ Жалғас кезеңде советтен айрықша
қысым, қудалау көрсе де, тұқым-жұрағаты үзілмепті, тағы қаншама жақсы азаматтар шықты. Әрине, мұның бәрі көлденең
әңгіме, орайына қарай айтылып қалды. М.Мағ.
