Икемге көнбеді, жөні болмады, ыңғайы түспеді. ~ Енді, Тастанның тұрмысын көргеннен кейін, ол сөздерді айтайын десе, күрмеліп қалғандай, тілі оралымға келмей – ақ қойды. С.Мұқ. ~ Аяңдап кеткенде алдымызда отыратын Семен Зонин, еңбектегенде ең артта қалады. Екі метр ұзын бойы оралымға да келе бермейді, арқасында мықты бір нардың жүгі және бар. Ғ.Мүс.~ Ойларыңның салмағы басыңды төмен алып барады, — деді, налу білмейтін Володя Толстов. Ол әр кезде менің орысша сөйлегенде оңай оралымға келмейтін жайымды бақылай жүретін. Ғ.Мүс. ~ «Мұның қалай?» — деп айтайын деп еді, көкірегіндегі сөз бір түрлі кептеліп тілге оралымға келмеді. С.Мұр.
