Жыландар шоғыры, үйірі. * – Айтсам, – деді қария. – Жайықтың арғы бетінде, жалғыз терек түбінде түрі-түсі біз көргеннен өзгеше, тегі басқа, күнгей елден ауып келген ордалы жылан бар. Сол жыланның уын қолға түсіру керек. С.Досан. * Мал ашуы — жан ашуы, күйеуі ет қызумен күрегін сілтеуін сілтеп қалса да, кейін бармағын тістеді: “Осы төңіректі ордалы жылан жайлайды деп естіп ем, алда-жалда біреуі кісі қолынан мерт болса, қалғаны сол адамды аңдып жүріп, ақыр аяғында шағып өлтіреді-міс”. М.Қаб.
Қылмыскерлер, қарақшылар тобы; пасық, жымысқы ниет, ұялы тобыр. * Шыңжаң үкіметі жүрегінің басына ащы жалқаяқ запырандай шөккен ескі кегін әсте ұмыта алмаған. Ордалы жылан өз орталарында көз айырмай, қызғанышпен күзетіп, бағып келіп, бір күнде бір-ақ опық жегізген … Ж.Ахм. * Ел бірлігі – жау бетіне ұстар қалқан. Қытай әскерінің қазақ жеріне кіруі, қазақ ұғымында – ордалы жыланның келуімен тең. І.Есенб.* Қарақшының көрдей қараңғы көңiлiнде шұбартып ордалы жылан жатқанын қайдан бiлейiк. Т.Сәук. * Қарақшының көрдей қараңғы көңiлiнде шұбартып ордалы жылан жатқанын қайдан бiлейiк. Т.Сәу.
