Posted in

ОРНЫ БАР

Өзіндік маңызы, беделі, атағы бар д.м. ~ Және бір ой қинайды. Баспа директоры маған қарағанда жасы ересек адам. Әдебиетте аты, орны бар. Б.Соқп.

  1. Себебі, сылтауы бар. ~ Көзі жалтылдаған қара торы әйелдің шапшаң қимылдап, үйге асығатын орны бар. Өңкей уақ бала от басында қараусыз қалатын. Ү.Жәл.
  2. Реті, қажеті, қисыны бар. ~ Марқұм қажының дін туралы қылған істерін түгел айтып, бұл кітапшаға сыйғыза алмаспын, қазақ ішінде атын үш жүздің қазағы түгел білетұғын орны бар еді, бірақ бұл күнде ертегі сөз сықылданып ұмытылған шығар», – деп жазды. Т.Жұрт.
  3. Қайда жұмсалатыны алдын-ала ойластырылып қойды деген мағынада. ~ Құдайберген жақында алып келген төрт метр тұтас қалың қара шұға бар еді, Айша соны сандықтан алып, бір метрден астамын қиып алды. – Оны қайтесің? — деді Құдайберген ұнатпай. – Орны бар. Т.Ахт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *