Дауасы жоқ уайым-күйініш. * Дабыра-даңқ шығармаса да, ыждаһатпен жасаған бұйымдары көзіңе қуаныш ұялатады. Осыны да танып, бағалай алмай келеміз-ау. Бұл да орны толмас өкініш… Қ.Тол. * Мына жарық дүниеде жарқын өмір кешіп, ақ бас теңіздермен Украинаны не Парижді , не Тайганы, Қарақұмның шөлдерін көрмеу – орны толмас өкініш қой! С.Баяз. * Жұртшылығымыздың соңғы кезде маңызды мақалаларды оқымайтын боп кеткені біз үшін орны толмас өкініш екені өзінен-өзі түсінікті. Ғ.Қаб. * Өзі өмірінен орны толмас өкініш тауып, күйіп отырған, қарақат көз, бейбақ қыз мына сөзге төбесінен жай түскендей боған. Ж.Ахм. ~ Сол азалы үн үдей өксіп, орны толмас өкініштің лебіндей шегін тарта сарнайды. Қаз.Ерт. (“Ақсақ құлан”)
