Posted in

ОҚТАУДАЙ ЖҰМЫР (СЕМІЗ)

Қаншырдай қатып жарап тұрған аттың сипаты. ~ Қуып жеттік. Өзіме өзім сенбейтіндеймін. Көтерем дегеніміз оқтаудай жұмыр, семіз торы құнан.  С.Шай. ~ Оқтаудай жұмыр тарғыл шіркін керіле атылса, кері қайрылмайтын үшкір жебе ғой …  М.Қаб. ~ Әне-міне дегенше оқтаудай жұп-жұмыр күрең қасқасын қара терге сабылтып Бәкібай тура Сәмет екеумізге жетіп келді.  С.Ом. ~ Бауырынан жараған оқтаудай семіз аттар құлақтарын қайшылап, есіле аяндайды. Оқта-санда шоқырақтап желдіртіп аламыз. М.Әбдіх.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *