Есі шығып, өлер-тірілерін білмей қимылдады, аяғын о жер бұ жерден басып, тапырақтады. ~ – Оқыра тиген өгізше тапырақтаған әлгі бір жігітің кім өзі, оң иығымды салдыратып кеткенін қарашы, көзі оқтай… Ғ.Қаб. ~ Бiр кезде мотор үнi гүр етiп оталды да, «рафик» орнынан оқыра тиген сиырша оқалақтай атырылды. Ә.Ыб. ~ Танысқым келді, бірақ Исаның көп балконға қарап, шұрқырай кісінегенінен кейін танысуға құлқым соқпай қалды. Құлқым соқпағасын оқыра тиген торпақтай әдейі тапырақтап, реверанс жасадым. М.Қаб.
