Оқ тиіп, жараланды я мерт болды. * Бұл шіркіндер жүрген жерін қызыл-жосын қылмай кетпейді. Кім біледі, түндегі оққа ұшқан әлде өз ағайындарының, өз тілеулестерінің бірі ме? Ж.Айм. * – Адам іштен батыр болып тумайды, батырлықты заман, уақыт тудырады, — деді қонағының жүзіне қарап қойып. Адам — намыстың құлы. Сол намыс үшін оққа ұшып өліп кетсең де өкінбейтін кезің болады. Қ.Жұм. * Бұларға Санташ асуында қырғыздар және соқтықты. Бірақ қырғыздар бірнешеуі оққа ұшқан соң қайта серпіліп, тауға кіріп кетісті. Бұл соқтығыста қырғыздың 23-і оққа ұшты. Б.Қыд.
