Posted in

ОҢ ЖАҚТА

Қыздың өз үйінде, тұрмысқа шықпай тұрғандағы кезі. ~ Алты-жеті жыл оқып, міне адам болды. «Жат жұрттық бала ғой; бізбен қанша жолдастығы бар? Оң жақта аз күн тайраңдап, дәурен сүрсін!» деген бәйбішенің тілін екі қылмай, Ақбілегін маңдайға шерткен жан емес еді; оның тана-моншағына,

сән-салтанатына дүние аяған жоқ еді. Ж.Айм. ~ — Ұрын бару дегенді білмейсің ғой сен. Баяғыда күйеулер ұрын барушы еді. Ол бір дәурен ғой. Қыз оң жақта отырғанда ойнап – күлесің… Н.Сер. ~ Жәми асып кеткен әнші болмаса да, қайдағы бір зарлы әндерді күңірене шырқады. Бейне жанын жайлаған қайғы-қасіретін соңғы рет шығарғандай, оң жақта өткізген еркін жастық шағымен осы сағатта біржола қош айтысқандай. С.Ом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *