Posted in

ОҢ ШЫРАЙ

Жақсы ықылас, жылы көңіл. * Қастарына Абай келіп сәлем бергенде, бұл үлкендер бұрынғыдай емес, оң шыраймен амандасты. М.Әу. * – Әй, сен ана Қаражанға сәлем айт! Аулына барған аш-арықты қыңратқымай оң шыраймен күтсін, құтырмасын!.. Ол әкелген мал жоқ! Көзін ашып қарасын! – деді. М.Әу. * Енді бірде шешіле сөйлеп, үй ішіне оң шырай беріп отырғанда, – Құдайға шүкір, тұғырдан түсіп отырған ешқайсымыз жоқ қой. … деп табиғатында жоқ көнбіс мінез танытқан. А.Сейд. * Баяғыда, сендер жс шақта, Абай қалаға оқуға кетем дегенде: «Талабына тілек қос, тізгінін алмай, оң шырайыңмен ұзат. Білім іздеп барады. Адам болсам деп аттанып отыр. Ол сенің де, мына кішкентай күшіктеріңнің де ырысы» деген еді. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *