Мол табыс тапты. ~ Керісінше келетін түсжорулар да бар. Мысалы, түсіңде ауыра қалсаң, өңіңде денсаулығың жақсарады.Сақалың өсіп кетсе, пайдаға батасың. Тиын теріп жүрсең, аз-маз табыс келеді. Ж.Баб. ~ Йемен саудагерлері керуендерінЖерорта тенізінің жағалауына, Сирия мен Персияға өткізе алмай көбінесе катты таршылық көрді. Осының нәтижесінде Мекке қаласында саудагерлер шаш-етектен пайдаға батты. БАҚ.
Табысқа, олжаға кенелді. ~ Оның шабаданындағы елтіріден менің елтірімнің сапасы әлде қайда жақсы еді, сорты жоғарыболатын. Өзінің жаман елтірісін менің тауарымның арқасында өткізіп, пайдаға белшесінен батты. З.Құн. ~ Миллиондаған жандардың жүрегін жаулап алған жаңа туынды, өзіне жұмсалған миллиондаған доллар қаржыны бірнеше есе ақтап, шығарманы сомдаушылар пайдаға белшесінен батты. Е.Төл.
