Posted in

ПАЙДА БЕРДІ (БЕРМЕДІ)

Игілігі тиді. ~ Айман. Қырсық жол, ауыр күндер бізге нәсіп болды. Дүлей жау мерейі асып, құтырып тұр.Жалынған да, жылаған да пайда берер түрі жоқ. Одан да келіңдер жасымай, ақылмен іс қылайық. М.Әу. ~ … — Жарлы сияқты ұсақ өзен талай жерде толып жатыр. Солардың бәрін осылай бөгесе бәрі де төңірегіндегі елге осындай пайда береді. С.Мұқ.

ПАЙДА БЕРМЕДІ

Оң әсері, кірісі жоқ әрекет туралы. ~ Сүйтсе, артық ақыл кісіге бар кезде бірдей пайда бермейді екен; ал қулықты көп қуған кісі әрі-берідесін өз құйрығымен ойнаған түлкідей өзін-өзі алдай бастай ма, қалай?   Ә.Нұрп. ~ − Адамға сары уайым пайда бермейді, ата! – дедім шалдың үміт-тілегін қанаттандырып жібергім келіп, — түк те етпейді, жазыласыз! С.Ом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *