Бір нәрсенің игілігін көрді, табыс тапты. * Бұрын шаруалар ғана отбасының керегіне деп азынаулақұстайтын, сатып пайда қылайын деп, сауда мақсатымен ұстамайтын. А.Байт. * Осы құмалақтан пайда қылған өзінің бір өзбек досын Алматыдағы үйіне бара жатқан баласы о заманда рахаттана отырып жыр ғып айтып берген. Қ.Түм.
Жаратты, дүниеге әкелді, бойына бітірді. * Үшінші – әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлықпайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Абай. * “О, баста, – деген шешесі, – адам бір- ақ дене екен. Төрт қол, төрт аяғы болған деседі. Жасаған ием пайда қылған пендесі бұлайша біреу- ақ боп ғұмыр кешіп, ұрпаққа қалдыра алмайтынын ескеріп, – екіге бөлген екен деседі. О.Бөк.
