Мұсылмандық жолынан ауған емес. ~ Сол ұстапта: «қазақ Мұхамбет пайғамбардың жолын берік ұстаған діншіл халық емес, оны шоқындырып алу оңай, тек ауылға уәкілдер жіберілсін» делінген. І.Ес. ~ Қарынбай атадан жалғыз болғанмен, артындағы ұрпағы қаулап өсті. Кәлимаға тілдері келмесе де, Пайғамбардың жолын ұстап, бас-басына төрт-бестен қатын алды. Бәйбіше-тоқалдардың құрсағы құнарлы болып, баланы балағынан битше домалатсын. Жылдар дөңгелеп, ғасыр ауысқанда, қарынбайлар рулы ел болып, бара-бара Бозақтың іргелі тайпасына айналған. Т.Сәу.
