Өмір сүрудің мұсылмандыққа тән, яғни Құран Кәрімнің хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) тарапынан жүзеге асырылған өмір сүру салты. ~ «Маған бермей қарасын деп» күш соғатындар иықтады. Бірақ қасарған Боқбасар одан жаман қасарып қатты да қалды. Бекболат «пайғамбардың сүндетін» тасудан тоқталды. Б.Май. ~ Қатыным! Пайғамбардың сүнәті ғой, сен де рұқсат бер, ағайыным, сіздер осы жұмысты қолға алыңдар, міне, біраз қанағат бар ғой. Мен енді бел байладым, – деп ақырғы сөзін мағлұм етті. М.Дул. ~ Майлы қожа: Құлыншақ, сәлем берсең, сәлемет бол Қарсы алып сәлеміңді, беремін қол. Сіз сәлем берсеңіз, біз әлік алдық, Сүннәті пайғамбардың жазулы жол. “Айтыс”.
