Быт-шыт қылды, дымын қалдырмады, өлердей қылды. ~ Бар бітіргенім, бір ғана «Жауынгерлік листок» шығарып бердім.Оның өзін парторг оқып көріп, түкке жаратпай тастады. «Кілең өлең-сықақпен толтырып жіберіпсіңдер, маңызды бір де бірсаяси мақала жоқ, осы да газет пе» деп, парша-паршамызды шығарып сынады. Б.Соқ. ~ Жоқ, біз асыққан екенбіз. Біз төртеуміздің парша-паршамызды шығаратын снаряд Германияның ажал фабрикасында жасалмаған боп шықты. Ә.Нұрш. ~ Жын қысқан бақсыдай қалшылдап, күллі әбзелді ту- талақай турап-турап тастап, үзеңгі баудың парша-паршасын шығарып, үзеңгілерді біреуін ана қалың, біреуін мына қалың жыныстың арасына лақтыр-еп, лақтыр-еп жіберді. Ш.Айт.
