Күл-талқаны шықты, қирады. ~ Мына ғажайып таңда, кеудесі толған күмбірлеген күй-сезімнің қасында мына жол, мынауөлең шынар мен шындардың көлеңкесі іспетті аңғарылды. Сыр құйылған ақ қағаз сол арада парша-парша болды. Ә.Тар. ~Ағыспен он екі миль жерден парша-парша болып шығатын болар, — деп жауап қатты мистер Бамбл әлгі ойдан қарадай денесі түршігіп. Ч.Дик. ~ Қантөгіс ұрыста парша-парша болған тулардың желкілдегені сияқты, бейтаныс жігіттің басында осындай жырым-жырым ойлар мың-мыңдап өтіп жатты. О.Бальз.
