Хабарлады, жария етті. ~ Серігім – аудандық газеттің қызметкері – түрлі адамнан сабақтап сыр тартып үйренген әккілігін тағы бір паш етті: екіндіге тақап қалған жаздың қызыл күрең Күніне шытына көз тастап, бір иығын сәл көтерді де, сағатына үңілді. Ж.Нәж. * Өрт шалған қара күйелеш әлемнің қақ ортасында сырты жанып, өзегі қалған қара тұғыл тіршілік бейбақ заманға өзінің әлі де бар екенін паш етеді. Ғ.Біл. ~ Дәл ортаға орнатылған үлкен шырша да мың құбылып, келе жатқан жаңа жылдың салтанатын паш етуде… .С.Ғабб.
ПАШ ҚЫЛДЫ
Көпшілікті хабардар етті. ~ Өтпей тұрып кентавр, кешпей тұрып тасқынды, Тағы орманға іліктік, тағылығын паш қылды. Соқпақ таппай сорладық біз, еңсемізді бастырды. М.Мақ. ~ Бұл жұмыс әсіресе Нұркенің қызына атқонақтай тиіп, өзөзінен азып, жүдеп сүзек аурудай сарғайды, бірақ бөтен елге паш қылмай жасырын ұстады. Ә.Кәк.
