Posted in

ПЕРІНІҢ САЛҚЫНЫ ТИДІ

Ақылы кеміді, есінен айрылды. ~ Бұған тиген су перінің салқыны, Салқыны емес, бейне оттың жалқыны, Қол– аяғың отішінде қалқиды. Бойыңды улап, басылған екен қарқыны. Ж.Айм. ~ Қырымда Ай–Петри деген тауда елес көп көрінеді. Түсінбеген адамдар мұндай елесті дәу пері деп қорқуға, тіпті есінен танып қалуға болады. Есінен танып қалса, түсінбеген қазақ сияқты елдер дәудің, перінің салқыны тиді дейді. А.Байт.  ~ Ақыл кемдігі туралы ел ішінде түрлі әңгіме бар. Біреулер жылым арқанын орап жүргенде, басына терте ағаш соққан дейді. Басқалары перінің салқыны тиген дегенге илантады. Ж.Кем.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *