Posted in

ПЕРІШТЕ КӨҢІЛ

Ақ, адал, кіршіксіз пәк көңіл. * Бірақ сары қыз Палмақанның періште көңілін аяқ астынан ойрандап кетті. О.Сәрс. * Айдынды сүйген аспанды, Періште көңіл ластанды. Жасандылықтан безгенде, Жасанды көлге жас тамды. М.Мыса. ~ Әйтеуір, пендегеде, хайуанға да залалы жоқ, қайғы-мұңсыз, періште көңілмен жоспарсыз ғұмыр кешкен диуанадай Дәулет ағаны үлкендер жағының қатарға тартпайтынына кәдімгідей шамырқанамыз. Ж.Кем. ~ Бұл өмірден сыбағасын адалынан алуға пейілді періште көңілдері шындық пен әділдік әлі де болса осы алаңда, тек оны жолдағы жолбикелер бұрмалап жүр деп сенетін еді. Е.Әл.  ~ Пендешілікке періште көңілмен қараған Мұқағали поэзиясының қайнар көзі- туған елі,өскен жері. Ол нені айтса да, нені жазса да туған  өлкесімен үндестіреді. М.Пар. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *