Біреудің ойлаған арамдығын аңдады. * Қарақшылардың қастаншықпағыр пиғылын сезген Өлеуін-үжін құдай қосқанқосағына: «Сен бұл үшеуінің пиғылын сезген шығарсың. Өздерінің сұсы жаман. Т.Жұрт. ~ Мінезін әкесінің ұнатпады,Батынып айта алмады бірақ тағы. Қызының бұл пиғылын сезген патша, Ниет етті өзін бір сынатқалы.”Кенжекей…” ~ Солкүні сұмдық әңгімені Ұлжан да естіп келген екен. Бірақ ол сенер- сенбесін білмей, дал болып отырса да, аулаға ыржалақтайбасып кіріп келе жатқан қайнысын көріп, оның жамап пиғылын сезіп, ауыр денесін көтере алмай, сүйрелеңдей тұрып, отау үйге ол да барған. Ә.Тар.
ПИҒЫЛЫН ТАНЫДЫ (ҰҒЫНДЫ)
Біреудің не ойлап, не істемек екенін біліп қойды. * Әйел залымның сезбейтіні бар ма, манағы машина үстіндегі алғашқы көзқарасынан-ақ бұл офицердің пиғылын танып қалғанмын. Т.Ахт. ~ Қара шал, зәлім емес пе ол, кемпірдің осы пиғылын танып қойды, дереу тілін тартып, жөніне көшті. Ж.Нәж. ~ . Халық – бала, халық – дана. Сол дананың пиғылынтанып, шәлдуар баланың айтқанын істеу бір кісіге аз жүк болып па. Кітаптағы суретін күнде көріп жүрсіңдер ғой. Д.Дос. ~ Ойы – қалтарыстағы бөлменің терезесінен секіріп түсіп, бой тасалау. Оның бұл пиғылын ұғынған Бiдiрәлi мен Дайрабай да алды-арттарына қарамай әңгiнiң соңынан арбаңдай салды. Ә.Ыб.
