Posted in

ПЫШАҚ СЫРТЫНДАЙ (СЫРТЫ)

Өте жұқа, болмашы, азғана. ~ Ерегестіргенде Шәмшидікінен асырып жіберші. Тағаң жетсе, өкшесін оныкінен пышақ сыртындай болса да артық сал. Әйтеуір өнеріңді аяма, қарағым!-деп бір ескертіп өтеді. Ж.Айм. ~ Мұның есесіне беттен көзге тиген орын тым тапшы: пышақ сыртындай ғана жыртықтан сығырая жылтыраған кішкене көз ісінген үлкен мұрынға жараспайды, беттің шырқын быт– шыт бұзып тұр. З.Қаб. ~ Солардың ешқайсысына Демежан мойын бұрмады. Шыны ма, әлде оңай құтылғысы келіп қашыртқаны ма: «Егер мен екінші рет үйленетін болсам, тым құрыса сенен пышақ сырты артық біреуді алар едім. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *