Posted in

ПЫШАҚ ҮСТІНЕН  

Қолма-қол, көпке созбай, табан астында.~ Одан әрі үйме-жүйме. Жігіттердің ішінен: «Осы құйрықты жалғыз жеуіме әпкел қолыңды!» деген дауыс шығады. Қартқожа мешкейдің бәйгесі екенін білді. «Пышақ үстінен жеп таусасыңдар ғой» деген бір бақыршының байбаламы шығады. Ж.Айм. ~ Жарайды, біреуін бір киліге есептеп алайық! – деп шұбар әйел басқаларға жол-жосық көрсетті. Мен үндегем жоқ, бергендерін жұмарлап, қалтаға сала бергенді білдім. Ә дегенше пышақ үстінен талап алды да кетті. Т.Сәу.

ПЫШАҚ ҮСТІНЕН БӨЛДІ (ҮЛЕСТІРДІ)

Көпке жеткізбей, өзара бөліске салып, жоқ қылды, таратып жіберді. ~ Бірінші ағымның айтатыны: қазаққа төңкеріс жасау керек: байдың жер-суын, мал-мүлкін, жазаласа артық қатынына шейін кедейлерге тартып әперу керек; пышақ үстінен бөліп беру керек, бай, кедей деген айырманы жойып, қолма-қол теңгеру керек. Ж.Айм. ~ Кәператиптен не пайда? Алыстағы елге ештеңе жетіп жарымайды. Азды–көпті бірдеңе түссе, қолы жеткендер пышақ үстінен бөліп алады… Т.Әл. ~ Енді, мынау тәри туралы заңды құлақтары шалды бар ғой, тігерге тұяқ қалдырмай пышақ үстінен үлестіріп әкетеді. Оған имандай илана беріңіздер. О.Бөк. ~ КСРО ыдыраған тұста мемлекет меншігіндегі талай нысанды пышақ үстінен үлестіріп алған, жекешелендірудің қызығын көрген пысықайлардың ғана жағдайы бар қазір. БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *