Өз ойларын ортаға салысты. ~ Олардың қай уақытта келіп, қашаннан отырғандарын кім білсін. Әйтеуір қызу пікір алмасу үстінде екен. С.Ғабб. ~ Олар қыранның түр, тек, тұқымы, бүркіттің сынсипаты, құс бабы, құс салу әдіс-айласы, аңкөстік сырлары туралы ой толғап, пікір алмасқан. Қ.Бег.
ПІКІР АЛЫСТЫ
Ой бөлісіп, әлдебір мәселені талқылады. * — Төңкеріс ақынын жолықтыра алмай жүр едім: жақсы киліктің ғой. Олай болса әңгімелесейік, пікір алысайық, әлде бір-бірімізден пайдаланып қалармыз, – деді. Ж.Айм. ~ Бұл мәжілістің мақсаты: алдымен қазақ оқығандары болып пікір алыспақ, бұдан әрі қамдай жолға түсулерін кеңеспек. І.Ес. ~ Мен Есенбекті университетке түскен күннен білемін. Әшейін көз таныс емес, көңілдеспін. Ара- тұра пікір алысып та қоямыз. Өзі бір үйірсек жігіт. З.Қаб.
