Сілесін қатырды, жерден алып жерге салды, басып-жаншып қорлады. ~ Солай болған соң, иа бауырмал деген сөзден қашып, бейбауырмал үкіметтің ыңғайымен болып, қазақты басқалар пісіріп жесін, шикі жесін үндемей қарап отыру керек: не бауырмал деген сөзді басқалар ауыр мағынада айтса да, қазақ азаматтары ауырламай, қазақтың сөзін қаймықпай сөйлеуі керек. Енді осыған жеттік. А. Байт. ~ Мені жалғыз деп кім айтады? Менің соңымда бүкіл ел тұр. Егер мен жалғыз болсам, жаңағы Таубайлар баяғыда– ақ кәуап қып пісіріп жемей ме? Қ.Жұм. ~ Көке, − деген бірде Жалғас. − Сіз баяғыда бәйге аты бір ауылды асыраған деп едіңіз ғой. − Дегем. − Папама айтсам, пісіріп жеп қоя жаздады. Н.Дәут.
