Ойына келгенін істесін, маған бәрібір д.м. ~ Оның басқасын қойшы – екі дүниеде обалы жоқ Дәуітбайды, қажет болса, пісіріп жесін, жазықсыз біреулерге қиянат жасап, сонысы қиын боп тұр… Т.Әбд. ~ Мейлі не істесе о істесін, тіпті сол төрелерді пісіріп жесін, қыңқ десем құдай соқсын»… І.Ес. ~ Он бес минуттық хабар. Әйелі екеуінің келісімі – сол он бес минут Борқандікі. Қалған уақыттың барлығын анау керек десе, «пісіріп жесін». Н.Дәу. ~ Билігің келмеді десең менің көрік… осы жерде пісіріп же, берер балам жоқ, — деді. Мұны тілмаш «перевод» қылып әбден түсіндірді. Сот ашуланып, үстелді тағы қойғылады. І.Жанс.
