Өкініп қалды, опық жеді; бишаралық жағдайға түсті. * Сонымен, Мұқаш әрі елге жексұрын боп, әрі өкіметтен жақсы ат ала алмай, пұшайман болып, қалада бір-екі күн сандалып жүріп, ауылына қайтты. Ж.Айм. * Қызық – жаңа ғана жасының біршама үлкендігімен, атының зорлығымен мысы басып тұрған Бағдан енді қыз ырқына түсіп, пұшайман болып қалғанын өзі де байқаған жоқ. С.Шайм. * Бұл фәнидегі өтті – кеттісі мен көрер -көрмесін, тартар қазабы мен азабын, пұшайман болған бүгінгі қауқарын есіне салғандай күйік боп итініп кеп тұрғаны. Қ.Ысқ. ~ Әжептәуір әйелдердің табанда кемтар боп қалған күйеулерін даттап, онымен пәлен жыл бірге тұрғанына пұшайман жеп жатқанын көрсең, өмірден безіп кеткің келеді. Н.Кел.
ПҰШАЙМАН БОЛДЫ (ЖЕДІ)