Әлдебір қырсыққа, жамандыққа тап болды. ~ Дегбірім қашып, жан-жағыма қараймын. Бір пәлеге¬ ұрынбасақ неғылсын. Сәл сезіктенер жағдай туса, Жолдыбайды қалдырып, безіп жөнелуімде дау жоқ. Б.Соқ. ~ Беті қан болған, тізесінен қан аққан, тісі сынған Дубай, Жарқымбай, Құлайғыр да алжа-алжа. Бірақ жырынды, көп шабылған бес-алты барымташы қандай пәлеге ұрынса да, өздері қолға түспей құтылып шығыпты. М.Әу. ~ Еркек дейтіннің ық жағынан жүріп кетсе денесі ысып, буыны босап қоя беретін бір пәлеге тап болып, өзі көрмеген, бірақ түйсінетін төсек тоятына жат та келіп үздікті. Н.Дәу.
ПӘЛЕГЕ ҰШЫРАДЫ
Жамандыққа, кесірлі іске жолықты. ~ Мен дәл мұндай күнімде Қояндыға мал айдасып барғам деді. Өз бетімен осылай еркін жүрсе тез есейеді деді. Әйтеуір өз айтқанын істеді. Өстіп тайраңдап жүргенде Зигфрид шынында да пәлеге ұшырады. М.Мағ. ~ Соңғы кездері ұйқыда жатып коп шатасатын комбат мұны да ұйқыға жорыды. Пәлеге ұшырарда адамның көзі байланады деген рас шығар. Тап солай болып шыққан жоқ па? М.Кәр. ~ Елдің алыпқашты қауесетіне сенсек, басым көпшілігі оны өлдіге санайды да, дейді біреулер Қорғалжын жақта балықшы боп жасырынып жүрген дегенді айтады. Бірақ бір пәлеге ұшырап қалармын деп мұны айтпадым. С.Ом.
