Әлдебір кесірлі істі (әңгімені, дауды) бастады. ~ Қармыс руын еркектен арман ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отыр. Ескі өкпе, ескі жара ұмытылған секілді еді ғой. Ерғазыны тұтқындап, онысы аз болғандай қозыдай көгендеп, пәлені бастаған өзі. К.Қаз. ~ – Даусым қатты шықты. Бірақ, артынша жайлап топқа қарасам, бағана балдағына сүйеніп бедірейіп отырған Балықбай жерге қарай шөгіп кеткен екен. Пәлені бастаушының бірі осы ма деп қалдым. Бірақ, долбардың аты долбар. С.Бақ. ~ «Бар!.. бар!.. балам, өздері келіп аяғыңа жығылып, бар пәлені бастаған өздері иіліп, кеп қол қусырып «жаздық, жаңылдық» деп тұрса – бұл да болса бір құдайдың қарасқаны шығар!.. Д.Дос. ~ И с а б е к . Мәмбет, бар пәлені бастаған сен, саған күдігім бар деуге аузым армайды. Әрине, бірақ сол штабқа барғаның ойыма оралған сайын өзіме-өзім жауап таппай қиналамын. Қ.Мұх.
