Жаман сөз айтып, күпірлік жасады. ~ Арыстан (атқуылдап). Әй Әлібек, Әлібек, айтыста мұндай ырым жоқты, қайдан таптың?Не дейсің сен, пәле шақырғың келді ме? М.Әу. ~ Мүдіріп қалдым. − Мен… өлсем… күнәм көп пе, аз ба? − Ойбай, Құдай,мына бейбақ не дейді? Жаман сөз айтып, пәле шақырма! Сенде неғылған күнә, он екіде бір гүлің ашылмай жатып… Ш.Мұр. ~ Пәле болғанда, ұйқым келмей қойды! Күн бұзылып, лайсаң боп кеткені мынау? Оның үстіне тамағыңа сүйек тұрып қалғыр мына бір иті құрғыры да пәле шақырып, қайта–қайта ұлып мазаны ала берді… Әй, құдайым–ай, тып–тыныш неге ұйықтап жатпайды, бұл шал! – деп жауап қайырған келінінің ашулы үні естіледі. Ш.Айт.
