Біреуге мейірін төгіп, бәйек болып, сол үшін жанын пида қылуға дайын тұрды д.м. ~ Қу бауыры қия алмай, Қайрылып келді қасына. Сансызбайдың Төлеген Пәруана болды басына. “Қыз Жібек”. ~ Ақжалын атты тұсай сап бір дөңге шығып, Пәруана болып жоғалам гүлдерге сіңіп. С.Нұр. ~ Оны өмірінің мәні де, сәні де деп біледі, ол үшін пәруана болуға, бұл дүниеде бір ғана сол үшін өмір сүруге әзір сияқтанады. Дж.Лонд. ~ Құшақтап сүйді қатын қысып-қысып, Балаға пәруана боп мейірі түсіп. От болып өртенуге жақындайды, Жүрегі қуанғаннан алып-ұшып. М.Ж.Көп.
