Posted in

ПӘСІ ТӨМЕНДЕДІ (ТҮСТІ)

Құны кетті. ~ — Иә, солай, үлкен кісілердің алдында әдептілік керек, — деді жігіт енді бір түрлі пәсі төмендеген үнмен. Н.Ақ. ~ Қай заманда да барымызды бағамдау, табиғатымызды түгендеу дәстүрі қанымызға сіңген асыл қасиет-тің бірі болып келді, болашақта да пәсі төмендеп, мәнін жоймасына бек сенімдіміз. Қ.Қар. ~  Мен өзімнің аңғалдығымды түсінген болып, тәубеме келгендей ой кештім. Әлгі «құнды» пікірімнің пәсі түсті. С.Қар. (БАҚ). ~  Кейде қиын оралымдарды, астарлы ойларды, емеурінді әзілді қара өлеңнің жолдарымен жеткізе қоятын. Сол «ұшқырлық» кейде оның бәсін де биіктетті, кейде пәсін де түсіріп жүрді. Н.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *