Даулы мәселе бойынша келісімге келді, бір шешімге тоқтады. ~ Аруақтан қорқып пәтуаға келетін тайшы қайда!.. көзіне қан толып, андыздай орағытып, кенеуі кеткен үркердей топты үрпитіп қоршап алады. Д.Дос. ~ Шағын мысал: терістіктің сөзін ұстаған ақсақал би жазира даланың келесі пұшпағында жатқан жайбасар биге дұғай сәлем жолдады деңіз. «Пәленше-е-ке, ата жолынан бұрылмайық, осындай пәтуаға тұрайық»,– деп. Д.Дос. ~ Шырғалаңы мен шытырманы көп қыр тіршілігінде қырық құйқылжыған қырқылжың дауларда бір пәтуаға тұрақтау барымтаға барып қайтудан әлдеқайда қиын шаруа. Ә.Кек.
ПӘТУАҒА ТҰРДЫ (ТҰРАҚТАДЫ)