Қайырымдылық танытты, аяушылық жасады. ~ Жер күңіреніп, жұрт шулап, Ағайын түгел жеткені-ай!Жамиғат тоңбай, күнжылып, Тәңірім рақым еткені-ай! Абай. ~ Батар күнмен батайын, Қалмақты мен де атайын. Рақым етсең, иә, Алла, Қу қалмақты өлтіріп Қызығына батайын. “Қыз Жібек”. ~ Шынымен бұл халімді түймеймісің, Қор болғаным білінді, күймеймісің. Жүрегіңе тереңдеп ақылдасшы, Шыныңды айт, сүйемісің, сүймеймісің? Мен ғаріппын, бір рақым етпеймісің, Қор болып осылайша өт деймісің. М.Абай. ~ — Шырағым, Бағадайжан, ел өзіңдікі, жер өзіңдікі, мына балалардың дауысы сай-сүйегімізді сырқыратты. Осы да жетер, енді рақым ет, босат шырағым, – деді. С.Бег.
