Posted in

РЕҢІ БҰЗЫЛДЫ

Күн райы бұзылды, сұрғылт тартты. ~ Теріскей, ықтасындардағы ала қыстай мызғымай сіресіп жатқан қаренді кірлеген бәтестей боп реңі бұзылып, сұр тартып, жентектеліп, күн өткен сайын етек-жеңі қусырылып түріле берді. С.Мұр.  ~ Күз. Бұлттың реңі бұзылып, әне-міне қар бүркейін деп тұрған шақ. Қ.Ысқ.  

2. Көңілі түсіп кетті, жабырқау тартты, түсі суыды. ~ Бұрынғы момын, қалай болса солай киінетін Еркештіңтіпті адам сенбестей өзгергеніне Кеңестің таңырқағаны көрініп тұрды. Реңі бұзылып кетті. К.Өтж. ~ Күн астында аяқ жолдың күміс шаңын шұбалаңдатып келе жатқан Балқияны көргенде Ждақайдың реңі бұзылып қоя берді. С.Ел. ~ Білген орысшамды дестелеп, еңкейіп дипломатты қотарып жатырмын баяғы. Үй иесі түрегеліп кеп төбемнен қарап тұр, кітапты алуын алды, әлгі қылқи мойын шөлмектерді көріп реңі бұзылып оқшырайды. Д.Досж.

    Leave a Reply

    Your email address will not be published. Required fields are marked *