Posted in

РИЯСЫЗ КӨҢІЛ

Қалтқысыз шынайы ниеттілік. ~ Дәл осы арада айтып. отырған жауларының кім екенін байыптай алмаған Күреңбай риясыз көңілден бір сөз айтып қалды. С.Ом. ~ Үй алдында тұрған жұрттың бәрі сол арада маған, Райхандай қызы бар бақытты адамға қызғана қарайтын секілді. Қалтқысыз, зілсіз қызғаныш. Іш тарлық емес, қуаныштан, риясыз көңілден шыққан достық қызғаныш. C.Жүн. ~ Әлдебіреуге көрсеткен қайырымын, жасаған жақсылығын парыз іс деп атқаратын, не Алланың ризашылығы үшін дейтін риясыз көңілге не жетсін?! Ш.Бейс. ~ Сандықтаулықтардың бірінің қайғысын да, қуанышын да бәрі бірігіп көтеретін риясыз көңілі оған сол адами шипа болып әсер етті. Е.Әл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *