Posted in

РУХАНИ АЗЫҚ

Адамның жан дүниесін, ой-санасын қалыптастыратын, дамытатын материалдық емес құндылықтар. ~ Адамды сыпайылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу үшін салдардың бұл тіршілігінің әлеуметтік маңызы өте зор болған. Сол рухани азықты қартайған шағына дейін тапжылтпай ұстаған атақты серілердің бірі Жаяу Мұса еді. Ә.Марғ. ~ Мен тышқаншылап Мәскеудің архивін тіміскілеп жүрсем де рухани азықты келіп-кеткен ағаларым мен замандастарымнан таптым. Қ.Ысқ. ~ Кітапсыз, газетсіз жүре алмайды. Көлденең олжасын рухани азыққа жұмсайды. Ө.Кәр. ~ Біздің шешеміз өмір бойы әке өнегесін, өсиетін өзіне рухани азық қылумен жүрсе, мен әкемнің әңгімесін ести алмай, түр- түсін жөндеп тани алмай қалдым.  Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *