Адамның жан дүниесін, парасат-пайымын кеңітетін, дамытатын құндылық. ~ Және осы уақыт арасында рухани байлық ретінде көңіліне тоқыған өнегесі мен татқан тәрбиесін бұл өз тарапынан бір жаңалық қып жеткізгісі келсе, оған достары жағынан да сондай бір сый күтіп тұрғаны күмәнсіз еді. З.Төл. ~ Болашаққа қалатыны да олардың от басы ошақ қасындағы ұсақ әңгімесі емес, халық қазынасына қосқан осындай сүбелі еңбектері – рухани байлығы. Ж.Шәк.
