Маңдайына жазылған ғұмыры таусылды, өлім сағаты таяды. ~ Әлгі аталған бағалы киімдерді рызығым таусылып, демім біткен күні сүйегіме түскендер алсын дейді. Сол үшін де шаң жуытпай қорып, көзінің қарашығындай сақтайды. Өліп жатып, өлігіне жиналған жұрттан: – Е, бейшара-ай! Бір киер бүтін киімі де жоқ екен-ау! – деген аяныш сөз естігісі келмейді. Б.Соқ. ~ — Қапелімде осылай болды, — деді бала жігіттің қалай апатқа ұшырағанын айта келіп, — ажалына ешкім де айыпты емес. Тек өзі ғана. Ризығы бітіп тұрған ғой. І.Ес.
РЫЗЫҒЫ (РИЗЫҒЫ) ТАУСЫЛДЫ (БІТТІ)