Бекер шығын, ысырап болды, зая кетті. * Енді не қылу керек? Күн жылы ғой, біреу- міреу келер, шығарысар деп, өзімді жұбатқан болдым. Еңбегім рәсуа болғаны жабықтырды. Ж.Айм. Содан қауын-қарбыздың желiнгенi бар, жарылғаны бар, езiлгенi бар, рәсуа болған пәлегi бар, шалдың айтқанын төлеп құтылды-ау. А.Ман. ~ Марғуаның жаңғырған жады сондағы көрген кептерін жіпке тізгендей, қаз-қалпында көз алдына алып келгені. Рәсуа болған жастық. Күнкөрістің қамымен ертеден күні кешке дейін тепеңдеген қара жұмыс. Зая кеткен қайран жылдар!.. Оның сұрауы кімнен? Обалы кімге? Ш.Құм.
