Құдайы деп, қайыры тисін деп дүниесін (мүлкін, малын) үлестіріп берді. ~ – Жамандықпен шыққан атыңды жаңартқан
жердегі басынды егіздей өрге сүйреген, Қыздарбек атыңды шығарған қырғыздың қара биесінен туған Қарақұлақ еді, бәйгенің бәрін садақа етіп, жолына құрбан ететін шығар деп артық ойлап, асығыста айтып қалдым! – деп би шал да бұрыла берді.
С.Бақб. ~ — Осы жазда біздің бірнеше тоқты-торымды бөрі әкетті. Көрші қойшыларда да солай. Сасқан соң, тапқан амалы
да. — Лаққа обал емес пе? –Қайтеміз енді, лақты садақа етсек те, қасқырды ұстап алсақ, олжаның үлкені сол. Б.Ыбыр. ~
Ғайнижамал. (қызының шашынан сипап). Әкеңді өлімге қимаған соң айтып отырсың, қызым. Ал әкең өз жанын халқының жолына садақа еткен адам! Беларусь, Шәуешекке сапарларында ұлты үшін басын қаншама қатерге тікті?! Қ.Әл.
САДАҚА ҚЫЛДЫ
Құдайы ретінде мүлкін не малын үлестіріп берді. ~ Бақсы жұрт нанған сайын құтырып, күнде-күнде: “Мен бүгін пәленмен алысып шықтым, түгенмен жұлысып ұйықтамадым”,- деп, қиюы түпсіз өтіріктерді ағызып, құр зәрелерін ала беруді білді.
Бақсының әлгі ауыртпалық түсті деген малдарынан тезінен садақа қылып құтылысты. Көбін еңбек иесі бақсының өзіне қойды. С.Торы. ~ Әлдеқандай көріп, сұңқар екен деп жүрсем, жемтік басындағы қарға екенсің ғой… Сөйтіп тұрған сен итке
еріп, ағамды, арымды садақа қылып, артыңа мінгесіп қашып кетсем керек мен… Тапқан екенсің. Өзіңдей арсыз, жігерсіз жанды… С.Ақт.
