Қимылдаған сайын үдете түскен аттың шабысы. ~ Төрт аяқты сермеді, Құлақтың түбі терледі Тершыққан сайын өрледі.
Адырды көзі көрмеді, Көлденең жатқан көк тасты, Тіктеп тиген тұяғы, Саз балшықтай иледі. “ҚҚҚ”. ~ Астындағы Сары атқа
«Айт жануар, шүу!» – деді. Шүу дегенін білген соң, Табаны жерге тимеді. Табанына тиген тас, Саз балшықтай иленді,
Соққан желдей гуледі, Әр төбенің басында Азар басын биледі. “Ер Қосай”.
- Қайғыдан жүрегі езілді. ~ Қайғыдан саз балшықтай иленген ана жүрегін көк құрыштай жігерге толтырғанбаға жетпес
ән–күйі Сен емес пе ен отыз ұлдың ортасындағы жалғыз Зәурешінен айрылған кәрі әкеге, сүйген жарынан айрылған сұлу қызға, құстай жүйрік тұлпарынан айрылған сері жігітке киын сағаттарында демеу берген! І.Ес.
- Билеп-төстеді, еркінен айырды, бағындырды. ~ “Бастығымыз өзгеретін бопты.” “Келе жатқаны басымызғакөктас қояды
деймісің… Оны да саз балшықтай илеп аламыз. Н.Дәу. ~ – Жауырыны жерге тимеген, Қарсы келген жiгiттi саз балшықтай илеген, Мықтымын деген талайды Қара күшпен билеген, Қобықтан келген арыстан – Ұтынасын есiмдi қара дәу осы болады!
К.Сег. ~ Төзе алса жарар еді. Әй, білмеймін, тым жұмсақ мінезді, ал махаббат азабы деген – өте тегеурінді, жас жігіт түгіл, көк темірден берік қаһармандарды да саз балшықтай илей алған…». І.Ес.
